Accessibility links

Грузин лидері оппозицияны диалогқа шақырады


Грузин президенті Михаил Саакашвили саяси оппозицияны келіссөзге шақырды және алдағы жоспарланған наразылық шарасында өзін биліктен құлатуға тырысудың керек еместігін ескертті.
Өткен аптада грузин полициясы 10 адамды тұтқындап, саяси оппозицияның 9 сәуірге жоспарланған наразылық шарасы кезінде билікке қарсы ұйымдастырылмақ болған қастандықты “әшкерелегенін” мәлімдеді.
Сенбі күні ұлттық теледидардан сөйлеген сөзінде М.Саакашвили “қазір бейберекет пен талас-тартыстың емес, бірліктің уақыты” деп мәлімдеді.
Оппозиция қарулы бүлікке әзірленгенін теріске шығарып, биліктен түсіруді көздеген саяси шараны бұзу үшін Саакашвилидің істеп отырған арандатушылығы деп оның өзін айыптады.
XS
SM
MD
LG