Accessibility links

Оппозиция жетекшілеріне қатысты сот отырысы тағы жалғасады


Бүгін Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасады. Сот төрешісі Райхан Әшкеева адвокаттардың өз өкілеттіліктерін тоқтату туралы өтініштеріне байланысты шешім шығарады деп күтілуде, сондай-ақ сот процесін оппозиция жетекшілерінің қатысуынсыз өткізу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Алдыңғы сот отырысында істің мәні бойынша негізгі тыңдаулар басталмаған болатын. Бұған қоса Болат Әбілов пен Асылбек Қожахметов аталған процеске қатыспайтындықтарын мәлімдеп, адвокаттарын кері шақырып алды. «Мұндай соттың сырттай өткенін» жөн көрген олар сот залын тастап кетті. Олардың адвокаттары қорғалушыларының олардың қызметінен бас тартуларына байланысты өз өкілеттіліктерін тоқтату туралы сотқа өтініш берді.

Бүгін сағат 14.30-да Алматыда Болат Әбіловтің қоғамдық қорғаушысы Петр Своик пен Төлен Тоқтасыновтың қоғамдық қорғаушысы Амантай Ахетов осы мәселе бойынша баспасөзге мәлімдеме жасамақшы.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG