Accessibility links

Түркияда жергілікті билік органдарына сайлау аяқталды


Жергілікті билік органдарының сайлауына Түркияның 48 миллионға жуық азаматтары қатысты. Қалалық және уездік муниципалитеттерді басқару үшін 19 саяси партия сайлауға түсті.

Алдын ала мәліметтер бойынша көш басында Реджеп Ердоған басқаратын исламдық Әділет партиясы тұр. Ол негізгі қарсыласы оппозициялық Халықтық-республикалық партиядан алда келеді. Түркияның негізінен күрдтер тұратын оңтүстік-шығысында күрдттер мүддесін көздейтін демократиялық қоғамдастық партиясы көш бастап тұр.

Түркия БАҚ-ның мәліметінше, сайлау учаскелеріндегі төбелестен бес адам қаза болып, жүзге жуық адам жарақат алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG