Accessibility links

Назарбаевтың кіші күйеу баласы сырқаттанып қалды


Бұл туралы ақпарат таратқан ҚазТАГ мемлекет басшысының кіші күйеу баласы Данияр Хасеновтың сырқаттанып, шет елде ем алып жатқанын хабарлады. Неміс дәрігерлерінің белсенді араласуының арқасында 32 жастағы Данияр Хасенов есін жиып, жағдайы тұрақтанған.

Агенттіктің ақпаратынша, 14 наурызда Қызылордада өткен жергілікті «Қайсар» футбол командасы мен астаналық «Локомотивтің» кездесуінен кейін астаналық команданың негізгі құрамында ойнаған Данияр Хасеновтың денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Ол әуелі Алматыға жеткізіліп, соңынан шет елге жіберілген. Данияр Хасеновтың сырқаттанып қалғанын КазТАГ -тың тілшісіне "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де растап отыр.

Мемлекет басшысының кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі Данияр Хасенов 2007 жылдың ақпанынан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарушы директоры болып қызмет атқарады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG