Accessibility links

Қарзай президенттік қызметін тамыз соңына дейін жалғастыра бермекші


Ауғанстанның негізгі оппозициялық одағының айтуынша, Хамид Қарзайдың президенттік қызметінде тамыз сайлауларына дейін қалуы туралы Жоғарғы соттың шешімі орынсыз. Ұлттық майдан коалициясы өкілінің айтуынша, бұған орай таяу арада халықтық шерулер болуы мүмкін. Наурыздың 29-дағы сот шешіміне қарағанда Қарзай Конституцияға сай билік мерзімі мамырда бітетініне қарамастан, келесі президент таққа жайғасқанға дейін қызметін жалғастыра бермекші. Мұның өзі аралық 3 айда елге кім президент болады деген сауалға нүкте қояр еді дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG