Accessibility links

Судан президенті Арабтар қолдауына зәру


Судан президенті Омар әл-Башир халықаралық сотпен теке-тіресінде Араб басшыларының өзін қолдап, айқын қарар қабылдауларына шақырды. Гаага соты әл-Баширді Дарфур аймағында соғыс қылмыстарын жасады деп айыптауда. Бұған жауап ретінде әл-Башир ол аймақтан көмек ұйымдарын шығаруға шешім қабылдады. Араб лигасы саммитінде наурыздың 30-да сөйлеген сөзінде Судан президенті: “Қос стандарттар лаңкестік әрекеттерді туғызады” деді.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Араб лигасы саммитінде сөйлеген сөзінде Судан үкіметі Дарфурдан көмек ұйымдарын шығару шешімін қайта қарауы тиіс деді.
XS
SM
MD
LG