Accessibility links

Қырым татарлары шеруге шықты


Екі мыңдай Қырым татарлары Симферополдегі Қырым кеңесі ғимараты алдында наурыздың 30-да шеру жасады. Олардың басшыларының айтуынша, Қырым татарларының жер дауын шешу үшін арнайы комиссия құру туралы Президент қарарының баптары орындалған жоқ. Сондықтан мұндай шерулер Киевте де өтетін түрі бар.

1940 жылы Орта Азияға күшпен жер аударылған олар Совет үкіметі құлағаннан кейін туған жерлеріне, Қырым түбегіне қайта оралған еді. Алайда 10 мыңдай Қырым татарлары азаматтарына жерлері қайтарылмады. Олар үйсіз-күйсіз жүр.
XS
SM
MD
LG