Accessibility links

Ішкі істер министрлігі есірткіге тәуелділік тестін өткізуді ұсынады


ҚазТАГ-тың хабарлауынша, ҚР Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мемлекеттік қызметке алатын мамандарды есірткіге тәуелділік тестінен өткізуді ұсынады.

Бауыржан Мұхамеджановтің айтуынша, бұл тестті мемлекеттік қызметке қабылдауда да, сондай-ақ жауапкершілігі мен тәуекелі зор жұмыстарға алуда да өткізу керек. Тест өткізу барысында құпиялылық сақталуы тиіс.

«Бірқатар үкіметтік емес ұйымдар оқушыларды міндетті тесттен өткізу баланың құқығын бұзуға алып келеді деп отыр. Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ, қайта міндеттеу туралы заң керек. Ата-аналар баласының дерті туралы неғұрлым ерте білсе, соғұрлым емдеу де оңай болады», — деді министр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG