Accessibility links

Қазақстанның сыртқы қарызы 107,8 миллиард долларға жеткен


Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 2008 жылдың төртінші тоқсанында 1,6 пайызға өсіп, жылдың соңында 107,8 миллиард долларды құраған, — деп хабарлайды ҚазТАГ Ұлттық банкке сілтеме жасап. Мемлекет кепілдік бермейтін жеке сектордың қарызы 98 пайызды құрайды немесе 105,6 миллиард долларға тең.

Сыртқы қарыз банктік емес ұйымдардың есебінен көбейіп отыр. Банк секторының қарызы үшінші тоқсанда 41,6 млрд-тан азайып, жыл соңында 39,2 млрд доллар болған.
XS
SM
MD
LG