Accessibility links

Қырғызстанда Қазақстанның үш азаматы қаза болды


Қырғызстанда болған жол-көлік апатының салдарынан Қазақстанның үш азаматы қаза болды, — деп хабарлайды «Қазақстан бүгін».

Қырғызстан ІІМ жол қозғалысының қауіпсіздігі басқармасының мәліметінше, жол-көлік апаты Шу облысының Панфилов ауданында Вознесеновка ауылына жақын жерде болған. Қазақстан азаматының жүргізуіндегі «Ауди» көлігі батысқа қарай жол жүріп келе жатып, Қара-Балта қаласының тұрғыны рульінде отырған «Форд Маверик» көлігімен соқтығысып қалған.

Көлік апатының салдарынан «Ауди» жанып кеткен, көліктің иесі мен ұлы тірідей өртеніп, көлік иесінің әйелі ауруханаға барар жолда көз жұмған, үш жасар қызы жан сақтау бөлімінде жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG