Accessibility links

Клинтон экстремизмге қарсы тәліптермен байланыс орнатуды қолдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ауғанстандағы экстремизмді қабылдамайтын Талибан мүшелерімен бейбіт қарым-қатынастар орнатылуы тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы Клинтон бүгін Нидерландының Гаага қаласында басталған халықаралық конференцияда мәлімдеді. Бұл жиын Ауғанстанда қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатуға бағытталған.

Хиллари Клинтон конференцияға қатысушыларды АҚШ-тың Ауғанстандағы жаңа стратегиясымен таныстырды.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай лаңкестікпен күресте көршілес елдердің “шынайы ынтымақтастығы” қажет болады деп мәлімдеді.

Бұл конференцияға сондай-ақ Пәкістан мен Иран өкілдері шақырылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG