Accessibility links

Мосулдағы жарылыстан 7 адам опат болды


Ирақ полициясының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 7 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған. Бір жанкешті кісі полиция бекетінде өзін-өзі жарып жіберді, дейді полиция өкілдері. Қаза тапқандардың арасында 4 полиция қызметкері мен үш қарапайым тұрғын бар деп хабарланып отыр. Жалпы Мосулда сектанттық негіздегі шабуылдар жиі орын алады және бұл аймақта Әл-Қаида бүлікшілері белсенділік танытады.
XS
SM
MD
LG