Accessibility links

Египет Қазақстан азаматтарына виза беру жолдарын жеңілдетуі мүмкін


Араб Египет Республикасының Қазақстандағы елшілігі хабарлағандай, Астана мен Каир Қазақстан азаматтарына туристік виза беру жолдарын жеңілдету мүмкіндіктерін талқылауда. Бұл мәселе туралы ҚР Каирдегі елшісі Бақтияр Тасымовтың Египет туризм министрі Зухейр Гаранамен кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Египет арасындағы туристік байланысты ұлғайтудың нақты жолдары мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ виза жасаудағы елшілік рәсімдеуді жеңілдету және екі елдің туристік компанияларының ынтымақтастығын жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Өз кезегінде З. Гарана Египет тарапының экономикалық және туристік қарқынды даму жолындағы Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға даяр екенін жеткізді. Кездесу соңында Египет туризм министрі Қазақстан азаматтарына виза беруді жеңілдету мәселесін миграция агенттігімен бірлесе қарастыруға уәде берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG