Accessibility links

Обама: әлемдік экономикалық дағдарыспен бірлесе күресейік


АҚШ президенті Барак Обама әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы барлық елдер бірлесе күресуі тиіс деді. Британия үкімет басшысы Гордон Браунмен бірге Лондонда, Үлкен 20-лық саммиті қарсаңында өткізген баспасөз мәслихатында Обама мырза ол күрес барысында жекелеген қайшылықтарға емес, жалпыға ортақ проблемаларға назар аударылуы тиіс деді. Сондай-ақ Обама ол қадамдар тез арада қолға алынуы қажет деген ойын да жеткізді. Лондонда Үлкен 20-лық саммиті сәрсенбінің кешкі асында басталып, бейсенбіде күні бойы жүреді. Лондонның қаржы ұйымдары орналасқан ауданында бірнеше мыңдаған шерушілер наразылық шараларын өткізуде.
XS
SM
MD
LG