Accessibility links

Обама Қытайға шақыруды қабыл алды


АҚШ президенті Барак Обама Қытайға осы жылдың соңында барып қайту туралы шақыруды қабыл алды. Ол шақыруды Қытай президенті Ху Цзиньтао жасаған еді. Қос президент Лондонда, Үлкен 20-лық саммиті қарсаңында, сәуірдің 1-де кездескен болатын. Олар ғаламдық экономикалық дағдарысты ауыздықтауда үйлесімділік пен әріптестікті ұлғайтуға келісті. Қос ел сондай-ақ АҚШ-Қытай Стратегиялық және экономикалық диалогын қалыптастыруға келісті.
XS
SM
MD
LG