Accessibility links

Есеп комитеті мемлекет қаржыларының игерілуін бақыламақ


Есеп комитеті дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктерге бөлінген мемлекет қаржыларының игерілуін бақылауға қосылмақ ниетте, — деп хабарлайды ҚазТАГ. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Алтай Зейнелғабдин мәлімет берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Есеп комитетінің дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктерге тексеру жүргізуге құқы жоқ.

«Сондықтан біз есеп комитеті мен қаржылық бақылау агенттігінің есеп және ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыруды қарастыратын, сондай-ақ банктердің де бюджет қаржысын іске асыруына бақылау жөнінде бірлескен отырыстар өткізу жөнінде меморандумның жобасын жасадық», — деді Алтай Зейнелғабдин.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG