Accessibility links

Беларусь парламентінде көктемгі сессия басталды


Бүгін Беларусь парламентінде көктемгі сессия ашылады. Беларусь парламенті депутаттары қарастыратын мәселелердің бірі — Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін тану деп хабарлануда. Бұдан бұрын Минск Мәскеудің бұл тәуелсіздікті тану талабына қарсы шыққан болатын.

Абхазия мен Оңтүстік Осетия өздерін 1990-жылдары тәуелсіз деп жариялаған еді. Ресей Грузия сепаратистік республикаларының тәуелсіздігін өткен жылғы Грузиямен әскери қақтығыстан кейін мойындады. Мәскеумен бірге бұл тәуелсіздікті Никарагуа ғана таныған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG