Accessibility links

Қазақстаннан қырғыз мигранттары шығарылды


Бүгін Қырғыз парламентінің депутаты Дамира Ниязалиева Қазақстаннан қырғызстандық еңбек мигранттары жаппай шығарылып жатыр деді. Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлағандай, депутат Ниязалиева бұл мәселені парламенттің бірлескен отырысында көтерген. Оның айтуынша, қазақ билігі еңбек мигранттарына бақылауды күшейтіп, олардың көбін елден күшпен шығарып жатыр. Ал кейбір қырғыздарды елде қалдыру үшін оларды пара беруге мәжбүрлеп жатыр деді ол.
Ниязалиева қырғыз үкіметін өз азаматтарының құқын қорғап, бұл жағдайға араласуға шақырып отыр.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 100 мыңдаған қырғызстандық еңбек мигранттары жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG