Accessibility links

Түркия армян тілінде радио ашты


Бүгін Түркияның мемлекеттік телерадиосы армян тілінде радиохабар тарата бастады. "ТРТ" корпорациясының хабарлауынша, бірінші шығып отырған 30 минуттық радио бағдарламада жаңалықтар, әндер мен мәдени хабарлар таратылды.
Бұл мемлекеттік радио сонымен қатар сәрсенбі күні күрд тілінде де радиохабар таратуды бастаған. Қаңтар айында Түркияда күрд тілінде телеарна ашылған болатын.
Бұл қадамдар АҚШ президенті Барак Обаманың Түркияға болатын жексенбі күнгі сапары алдында болып отыр.
Түркия АҚШ заңшығарушыларының өткен ғасырда Осман империясы кезінде армяндардың қырылуын геноцид деп тануына Обаманың кедергі келтіргенін қалайды.
XS
SM
MD
LG