Accessibility links

«Жиырмалықтың» саммиті аяқталды


Лондонда өнеркәсібі өркендеген жиырма мемлекеттің басшыларының ғаламдық экономикалық дағдарысты жеңуге бағытталған саммиті аяқталды.

Саммит шешімдерінің ең бастысы — Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкке дамушы және кедей мемлекеттерді несиелендіруді ұлғайту үшін бір триллион доллардың бөлінуі мен халықаралық қаржы жүйесіне бақылауды қатайту болды. Қабылданған тағы бір маңызды шешім клиенттер туралы ақпаратты жасырушы, салық салудан қашатын офшорларға қарсы санкция қолдану.
XS
SM
MD
LG