Accessibility links

Назарбаев пен Каримов Алматыда жеке кездесуге уағдаласты


ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен сәуір айының соңында Алматыда болатын халықаралық Аралды құтқару қорына қатысушы мемлекеттер басшылары саммитінің жұмысы барысында жеке кездесу өткізуге уағдаласты.

Сондай-ақ екеуара телефон арқылы әңгімеде мемлекет басшылары мемлекетаралық қатынастар мен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, шекаралық сауда-саттықты кеңейту, Өзбекстаннан Қазақстанға ерте пісетін жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу, су-энергетикалық кешен, өңірлік ынтымақтастық сияқты мәселелерді талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG