Accessibility links

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің ақпаратынша, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 2 сәуіріндегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 52,75 доллар (+4,31); Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 52,64 доллар (+4,25) болды», — делінген агенттік хабарламасында.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG