Accessibility links

Интернет сайттарына тағы шабуыл жасалды


Қазақстандағы танымал «Zona.KZ» интернет-газеті мен «Республика.kz» газетінің порталына қайтадан DDoS- шабуылы жасалды.
«DDoS- шабуылын кім жасағанын және не үшін екенін айту қиын. Біз мұны елдегі жалпы жағдаймен байланыстырып отырмыз. Мұның біздің жарияланымдарымызға қатысты екені түсінікті, бірақ дәл қандай жарияланымдар екенін нақты айта алмаймын», — деді «Республика.kz»-тің бас редакторы Анастасия Новикова.

Ал «Zona.kz» сайтының бас редакторы Юрий Мизинов тағы да Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке қайырылмақ ниетте. «Менің бірінші мәлімдемеме ол құзырлы орындарға жағдайды талқылау жөнінде берген тапсырмасымен жауап берген еді, сондай-ақ бұл істі саясиландырмауды сұраған» , — дейді Ю. Мизинов.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG