Accessibility links

Украина шерушілері үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде


Киев орталығында, сәуірдің 3-де 20 мыңдай шеруші наразылық жиынын өткізді. Олар Юлия Тимощенконың басқаруындағы Украина үкіметінің биліктен кетуін талап етісті. Шерушілер үкіметті қазіргі экономикалық дағдарысты ауыздықтауда дәрменсіздік танытып отыр деп айыптады. Олар президент Виктор Ющенконың биліктен кетуін де талап етісті. Бұл шерулерді мәскеушіл Регионы партиясы ұйымдастырды. Партия басшысы Виктор Янукович қазанның 25-не белгіленген президенттік сайлауға үміткер боп түспекші.
XS
SM
MD
LG