Accessibility links

НАТО саммиті Германияда жалғасуда


Бүгін НАТО-ның 60 жылдығына арналған саммит жиыны Францияның Страсбург қаласынан Германияның Кель қаласына ауысты.
Бүгінгі талқылауларда НАТО-ның бас хатшысы ретіндегі қызметі шілде айында аяқталатын Яап де Хооп Схеффердің орнына кім келеді деген мәселе қаралады.
НАТО-ның еуропалық елдері мен Құрама Штаттар даниялық премьер министр Андерс Фог Расмуссенді осы орынға ұсынады. Бірақ Түркия 2006 жылы наразылықтар тудырған даниялық басылымдағы Мұхаммед пайғамбарды келеке еткен карикатураға байланысты оның кандидатурасына қарсы болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG