Accessibility links

Пәкістанда зымыран шабуылынан 13 кісі қаза тапты


Пәкістан барлау қызметінің ресмилері елдің солтүстік-батысында американың зымырыны деп күдіктелген шабуылдан 13 адам қаза болғанын хабарлауда.
Сенбі күнгі бұл әуе соққысы Солтүстік Вазиристандағы үйлерді нысанаға алған. Шабуылдан қираған үй астынан 13 адамның мәйіті табылып, тағы бірнеше адам жараланған.
Бұл шабуылды жасаған ауғанмен шекаралас аймақтағы содырларға қарсы ондаған операциясын жүргізіп келген американ күштерінің зымыраны деп күдіктеліп отыр.
XS
SM
MD
LG