Accessibility links

Қарзай: Әйелдерге қатысты даулы заң қайта қаралады


Бүгін Ауған президенті Хамид Қарзай әйелдер құқына байланысты сындарға тап болған жаңа заң парламентке қайтарылып, қайтадан қаралады деді. Қарзай Әділет министрлігіне бұл заңды қайта қарауды тапсырып, егер елдің Конституциясына немесе шариғат заңына қарсы келетін жағы болса, қарсы шаралар қабылданады деді.
Бұл жаңа заң Ауғанстанның шиит қауымдастығындағы отбасылық өмірді реттеуге арналған. Ол заң бойынша әйелдер күйеуінің рұхсатынсыз далаға шығуына болмайды. Және ерлерінің әйелдеріне зорлық жасауын заңдастырады деп БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша мекемесі алаңдаушылық танытқан.
XS
SM
MD
LG