Accessibility links

НАТО-ға қарсы көтерілісшілерге полиция газ қолданды


Франция полициясы НАТО жетекшілерінің жиыны өтіп жатқан Страсбург орталығына баруға тырысқан көтерілісшілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.
Шерушілер қаланың оңтүстік жағындағы саммит өтіп жатқан жерге бармақ болғанда, полиция оларға кедергі жасаған. Ал көтерілісшілердің екінші тобы Страсбургтің тура орталығында шеру өткізуді жоспарлап отыр. Соғысқа қарсы шерушілердің Страсбургтегі саммитке байланысты полициямен қақтығысып жатқанына бірнеше күн болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG