Accessibility links

Ресейде мыңдаған адам билікке қарсы шеру өткізді


Бүгін Мәскеуде мыңдаған шеруші Ресей үкіметін экономикалық дағдарысты реттей алмай отыр деп айыптап, наразылық шарасын өткізді.
Оны Коммунистер партиясы ұйымдастырды. Шерушілер Мәскеудің орталығына жиналып, “үкімет тарасын”, “коррупциялық бюрократтар кетсін” деген ұрандармен қатар Ленин және Сталиннің суреттерін алып шықты.
Коммунистерге қарсы ұрандар айтып, бұл шеруді бұзбақшы болған билікке жақын 25 жастар белсендісі ұсталған.
Мәскеуде өткен бұл шеру Коммунистер партиясы ұйымдастырған жаппай наразылық таныту шараларының бір бөлігі ғана.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG