Accessibility links

НАТО мүшелері Ауғанстанға көмек көрсетуге келісті


Бүгін НАТО-ның кетіп бара жатқан бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер НАТО жетекшілері Ауғанстандағы альянстың миссиясына қолдау танытуға уәде берді деді. Ол бұл мәлімдемесін Страсбургтегі НАТО-ның 60 жылдығына арналған жиынның соңында айтты.
Бұл саммитке қатысқан АҚШ президенті Барак Обама да өзінің Ауғанстан бойынша жаңа стратегиясына қолдау іздеген болатын.
Яап де Хооп Схеффердің сөзіне қарағанда, НАТО жетекшілері Ауғанстанда тамыз айында өтетін президенттік сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін одақтас күштерге көмек беруге сөз беріп отыр.
XS
SM
MD
LG