Accessibility links

Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянға қатысты төтенше жиын өткізеді


Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның ұзақ қашықтыққа соққы беретін соғыс зымыранын сынауына байланысты төтенше жиынын өткізеді.

Бұл отырыс халықаралық айыптаулар айтылып отырған тұста, АҚШ пен Жапонияның өтінішімен болайын деп отыр.


АҚШ президенті Барак Обама Пхеньянның бұл сынағын "арандатушылық қадам" деп айыптады. Ол Солтүстік Корея өзінің бұл әрекетімен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзды деп айтты.

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранын ұшырғанын АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея растап отыр.
Пхеньян осының алдында өзінің байланыс жерсерігін ұшыратынын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG