Accessibility links

Пәкістан мешітіндегі жарылыстан 12 кісі қаза болды


Пәкістан полициясының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі шииттер мешітіндегі жарылыс 12 адамның өмірін қиып, 50-ден аса кісі жарақат алды. Жарылыс Чаквал қаласындағы мешітте діни шара өтіп жатқанда болды.
Құтқарушылар әлі де құлаған мешіт астында қалған адамдарды іздеп жатыр.
Сенбі күні Пәкістанда бірқатар шабуылдар болып, 20-дан аса кісі қаза тапқан. Кеше Исламабад орталығындағы жартылай әскери күштерге қарсы жанкештілік шабуыл жасалып, қауіпсіздік күштерінің 8 мүшесі мерт болды.
XS
SM
MD
LG