Accessibility links

Македонияда президенттік сайлаудың екінші сатысы өтуде


Македониялықтар президенттік сайлаудың екінші турында дауыс беріп жатыр. Қауіпсіздік шараларын күшейткен билік сайлауға қатысты қақтығыстардың алдын алуға тырысып отыр. Сонымен қатар үкімет 2,1 млн халқы бар бұрынғы Югославия республикасының келешекте НАТО мен Еуропа Одағына қосылу мүмкіндігіне кері салдарын тигізуі мүмкін заңсыздықтарға жол бермеуге тырысуда.
Дауыс берушілер президенттіктен үміткерлер - Македонияның ұлттық бірлігі демократиялық партиясының өкілі Георгий Иванов пен Македония социал демократиялық одағынан түскен Любомир Фрчковский арасында таңдау жасайды.
Президенттік сайлаудың алғашқы сатысы екі апта бұрын өткен болатын.
Халықаралық бақылаушылар ол дауыс берулер демократиялық талаптарға сай болды деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG