Accessibility links

Қамаудағы АҚШ журналисінің ата-анасы Иранға барды


Ирандық заңгердің айтуынша, қамауда отырған иран-текті американ журналисі Роксана Саберидің ата-анасы қыздарын босатуды сұрап, Теһранға барды.
Иранға жексенбі күні жеткен Реза Сабери мен оның әйелі биліктен қыздарымен кездесуге рұхсат сұрамақшы деп хабарлады олардың адвокаты Абдолсамад Хоррамшай.
Журналистік куәлінің мерзімі бітіп қалған Роксана Сабери ақпан айында Теһранда қамауға алынған болатын. Қос елдің азаматы Сабериде американ және ирандық төлқұжат бар.
Ол бірқатар ақпарат ұйымдарына жұмыс істеп жүрген.
XS
SM
MD
LG