Accessibility links

НАТО жетекшілері Ресеймен байланысты жақсартуға сөз берді


НАТО-ның екі күндік саммитінен кейін таратылған мәлімдемеде солтүстік альянстың 28 жетекшісі қазіргі келіспеушіліктерге қарамастан, Ресей НАТО-ның маңызды әріптесі делінген.
Олар НАТО-Ресей кеңесінде ынтымақтастық пен саяси диалогтың нәтижелі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екендіктерін айтқан.
НАТО Ресеймен арадағы келіссөздерін өткен жылы тамыз айында Мәскеу Грузияға әскерін жіберген соң тоқтатып тастаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG