Accessibility links

Обама: Ираннан қауіп жойылса, радар жоспары өзгереді


Прагада сапармен жүрген Барак Обама өз жолдауында АҚШ-қа Ираннан ядролық қауіп төніп тұр, егер Теһран өз дегенінен қайтпаса, Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс жүйесі орнатылады деді.

Барак Обама өз жолдауында қырғи-қабақ соғыс біткенімен, ол кезеңнің мыңдаған ядролық қаруы қалып отыр дей келе:

“Ядролық қару қолданған алып ел ретінде әрекет етуге Құрама Штаттарда моралдық жауапкершілік бар. Біз бұл істе жалғыз әрекет етіп жетістікке жете алмаймыз, бірақ біз оған жетекшілік етіп, бастай аламыз. Сондықтан, мен бүгін ашық та айқын түрде бейбітшілік пен әлемнің ядролық қарусыз қауіпсіздігін қарастыратын Американың ұстанымын айтамын” - деді ол.

Барак Обама сонымен қатар Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру турасында Ресей билігімен де келіссөздер жүретінін айтты.

АҚШ президенті егер Ираннан төнген ядролық қауіп жойылатын болса, біздің Еуропада радар орнату жоспарымыз да өзгереді деді.
XS
SM
MD
LG