Accessibility links

Астанада Қазақстан мен Иран президенттері кездеседі


ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаровтың ақпаратынша, бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Қазақстанға ресми сапары басталады.

Ілияс Омаровтың айтуынша, сапар барысында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізбек.

Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылдың 29 қаңтарында орнатылған. Ирандағы Қазақстан елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді.

2007 жылдың 15 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранға ресми сапармен барып, онда Ауғанстан мен Ирактағы жағдайлар мен ядролық қаруды таратпау мәселелері талқыланған.
XS
SM
MD
LG