Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына қатысты кеңесті жалғастыруда


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына қатысты ешқандай өтінішті қабылдаған жоқ. Бұл мәселе жөніндегі кеңес әлі жалғасуда.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруға бастама көтерген АҚШ, Жапония және Солтүстік Корея мемлекеттері жексенбіде жүзеге асырылған ғарыш серігін ұшыру баллистикалық зымыранды сынауды жасыруы мүмкін және БҰҰ резолюциясын бұзады деп отыр.

АҚШ президенті Барак Обама Пхеньянның әрекетін «арандатушылық» деп атады. АҚШ пен Оңтүстік Кореяның растауынша, ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталып, зымыранның екі бөлігі Тынық мұхитқа құлаған. Ал Солтүстік Корея ғарыш серігінің орбитаға сәтті шығарылғанын айтады.
XS
SM
MD
LG