Accessibility links

Қазақстанның бірқатар министрліктері Орталық Азия аймақтық семинарын өткізуде


Бүгін Астанада ҚР-дағы Босқындар істері жөніндегі БҰҰ Жоғары Комиссары басқармасы және Төтенше жағдайлар министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп төтенше жағдайлар мен стихиялық апатты басқару жөнінде Орталық Азия елдері үшін аймақтық семинар өткізеді, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е.Ашықбаев.

Е.Ашықбаевтың мәліметінше, семинар барысында мына мәселелер қарастырылады:

төтенше жағдайлар мен стихиялық апатты басқару арқылы БҰҰ агенттіктері мен әріптестерінің қолданбалы үйлестірушілік механизмдері жөніндегі хабардар болу;
төтенше жағдайларды басқару бойынша дағдыны тәжірибеде пайдалану;
төтенше жағдайлар мен стихиялық апатты басқару кезеңінде тиімді әрекеттесу, қатысушылар арасында ынтымақтастықты жетілдіру.
XS
SM
MD
LG