Accessibility links

Чехия жаңа премьердің кандидатурасына келісті


Чехияның жетекші саяси партиялары Мирек Тополанек кабинетінің отставкасынан кейін ел үкіметін қайта жасақтауға келісті. Жаңа премьердің орнына ешқандай партияда жоқ, Чехия статистика басқармасының бастығы Ян Фишердің кандидатурасы ұсынылуда.

Жаңа министрлер кабинеті саяси болмайын деп тұр. Оның негізгі міндеті мемлекетті партиялардың келісімінше, қазан айының басында өтуге тиіс мерзімнен бұрынғы сайлауға әкелу. Чехияда үкіметтік дағдарыс парламент Мирек Тополанек үкіметіне сенімсіздік білдіргеннен кейін, наурыз айының соңында өршіді.

Чехия маусым айының соңына дейін Еуроодақта төрағалық етеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG