Accessibility links

Обама Түркияда


АҚШ президенті Барак Обама Түркияға сапарын бастады. Обама Түркия республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрктің Анкарадағы мавзолейіне барды. Бүгін кешке ол президент Абдулла Гүлмен және премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, парламентте сөз сөйлейді.

Жексенбі күні Чехияға сапары кезінде Обама Еуропа Одағын Түркияны одаққа мүше ретінде қабылдауға шақырды. Бұған Франция президенті Николя Саркози қарсылық танытты. Ал Германия канцлері Ангела Меркель Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуға ұмтылыстары ашық мәселе болып қалады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG