Accessibility links

Молдавиядағы сайлауда коммунистер көш бастап келеді


Молдавия орталық сайлау комиссиясы жексенбіде өткен парламент сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады. Сайлау бюллетендерінің 95 пайызы өңделгеннен кейінгі қорытынды бойынша, 49,91 пайыз дауыс алған Коммунистер партиясы алда келеді. Үкіметті жасақтау мен президентті сайлау үшін осы сан жеткілікті.

Парламентке сондай-ақ оппозициялық Либералды және Либералды-демократиялық партиялар мен «Наша Молдова» альянсы кіреді. Коммунистерді сайлауда әкімшілік ресурстарды пайдалнды деп айтыптап отырған оппозиция наразылық акциясын өткізетінін жоққа шығарған жоқ.
XS
SM
MD
LG