Accessibility links

АҚШ-тың жоғары лауазымды ресми өкілдері Ауғанстанға барды


АҚШ-тың арнайы өкілі Ричард Холбрук пен АҚШ-тың штабтар басшыларының бірлескен комитеті төрағасы адмирал Майк Муллен Ауғанстанда жүр. Олар тамыз айындағы президент сайлауына дайындық мәселесі мен Талибан бүлікшілерімен күрес жөнінде келіссөздер өткізіп жатыр.

Муленнің айтуынша, осы жылы қосымша 17 мың АҚШ сарбазының Ауғанстанға жіберілуі Талибанға қарсы күресті күшейтуге көмектесе алады. Холбруктың мәлімдеуінше, АҚШ Ауғанстандағы сайлаудың ашық және әділ өтуіне кепілдік беру бағытында жұмыс атқаруда. Холбрук пен Муллен Ауғанстаннан кейін Пәкістанға сапармен барады.
XS
SM
MD
LG