Accessibility links

Иран президенті Қазақстанда


Иран президенті Махмұд Ахмадинежад дүйсенбі күні Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келді. ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуежайда Ахмадинежадты Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов қарсы алған. Иран президенті қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, келіссөздер өткізбек.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады. Кешірек Астанадағы Rixos қонақ үйінде Иран президентінің баспасөз мәслихаты өтеді.
XS
SM
MD
LG