Accessibility links

Италияда зілзаладан кейін адам шығыны өсуде


Италияда орын алған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны өсуде. Ішкі істер министрі Роберто Маронидің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Римнің солтүстік-шығысындағы таулы Абруззо аймағында болған зілзаладан кемінде 50 адам опат болған. Оның алдында, Азаматтық қорғау департаментінің ресми өкілі Агостино Миоззо зілзала салдарынан ондаған адам жарақат алып, мыңдаған адам үйсіз қалды, сондай-ақ, бірнеше ғимарат қирады деп мәлімдеген болатын.

АҚШ геологиялық зерттеулер орталығының мәліметінше, зілзаланың күші Рихтер көрсеткіші бойынша 6.3 балға жеткен. Ал Италияның ұлттық геофизика институты зілзала күшін 5.8 балл деп көрсетіп отыр. Бұл апаттан кейін Италия премьер-министрі Силвио Берлускони Мәскеуге жоспарланған сапарын тоқтатты.
XS
SM
MD
LG