Accessibility links

Молдовадағы сайлауда коммунистер жеңіске жетті


Молдова билігіндегі коммунистер сайлауда жеңіске жетіп отыр. Дүйсенбі күнгі парламенттік сайлаулардың бастапқы ресми қорытындысы бойынша, президент Владимир Воронин жетекшілігіндегі Коммунистер партиясы 50 пайыз дауысқа қол жеткізген. Осы уақытқа дейін дауыстардың 98 пайызы саналып болды деп хабарланып отыр.

Жаңа парламент Ворониннің орнын басатын кандидатура бойынша дауыс береді. 2001 жылдан бері билікте отырған Воронин үшінші рет қатарынан президент болып сайлана алмайды.

Елдің Либералды партиясы шамамен 13 пайыз дауыс жинаса, Либералды демократтар партиясы 12 пайыз, ал Біздің Молдова партиясы 10 пайыз дауысқа қол жеткізген. Бұл партияладың үшеуі де Коммунистермен коалиция құрмайтындарын айтты.
XS
SM
MD
LG