Accessibility links

Обама Түркия-Армения диалогын қолдайды


АҚШ президенті Барак Обама 1915 жылы Осман империясы кезіндегі армяндардың өлтірілуін “геноцид” деп атаған резолюцияға байланысты өзінің көзқарасы өзгермегенін айтты. Бірақ Обама “геноцид” сөзін қолданбады. Түркия президенті Абдулла Гүлмен Анкарада өткізген баспасөз маслихатында Обама Гүлдің Армения мен Түркия арасында ұзаққа созылған мәселелерді шешуге бағытталған келіссөздерге қатысуларын мадақтады.

АҚШ президенті сондай-ақ Түркия республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрктің Анкарадағы мавзолейіне барды. Бүгін кешке ол премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, парламентте сөз сөйлейді. Анкарадан кейін Обама Стамбулға барып, “Өркениеттер одағы” атты халықаралық форумға қатысады.

Жексенбі күні Чехияға сапары кезінде Обама Еуропа Одағын Түркияны одаққа мүше ретінде қабылдауға шақырды. Бұған Франция президенті Николя Саркози қарсылық танытты. Ал Германия канцлері Ангела Меркель Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуға ұмтылыстары ашық мәселе болып қалады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG