Accessibility links

Обама: АҚШ исламмен соғыста емес


Президент Барак Обама АҚШ-тың мұсылман әлемімен қарым-қатынастарының Әл-Қаидаға қарсы соғысқа қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Түркия парламентінде сөйлеген сөзінде Обама АҚШ пен мұсылман әлемі арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісті жағдайда болғанын мойындады. Обаманың айтуынша, АҚШ “исламмен соғыста емес”.

АҚШ президенті сондай-ақ Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуға ұмтылыстарын қолдады. Анкараның одаққа мүше болып қабылдануы Еуропаны күшейтеді деді Обама.

Оның алдында, Түркия президенті Абдулла Гүлмен Анкарада өткізген баспасөз маслихатында Обама Гүлдің Армения мен Түркия арасында ұзаққа созылған мәселелерді шешуге бағытталған келіссөздерге қатысуларын мадақтады. АҚШ президенті сондай-ақ Түркия республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрктің Анкарадағы мавзолейіне барды. Бүгін кешке ол премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі. Анкарадан кейін Обама Стамбулға барып, “Өркениеттер одағы” атты халықаралық форумға қатысады.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG