Accessibility links

Медведев жылдық табысын жариялады


Ресей президенті Дмитрий Медведев өз отбасының мүлігі жөнінде жария еткен еткен елдің алғашқы мемлекет басшысы болып отыр. Дүйсенбі күні Медведев шамамен 124 мың АҚШ доллары көлеміндегі өзінің жылдық табысы мен жұбайының Volkswagen Golf көлігі туралы жариялады. Жемқорлықпен күресуді уәде еткен Медведев 2008 жылдың желтоқсан айында жоғары лауазымды ресмилер мен олардың отбасыларынан табыстары жөнінде жылдық декларация толтыруды талап ететін заңға қол қойды.

Кремлдің интернеттегі парақшасына сәйкес, Медведев пен оның әйелі сондай-ақ 368 шаршы метрлік пәтерге ие және олардың банктегі депозиттері 3 миллион рубльден аспайды.
XS
SM
MD
LG