Accessibility links

Иран Нұрсұлтан Назарбаевтың біртұтас әлемдік валюта құру жөніндегі идеясына қолдау танытты


Иран Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біртұтас әлемдік валюта құру жөніндегі идеясына қолдау білдіріп отыр.

«Біз Қазақстан президентінің әлемдік валюта құру туралы идеясын өте жақсы және дұрыс ұсыныс деп есептейміз. Себебі әлемді ортақ, нақты және тең басқару үшін біртұтас әлемдік валюта керек. Сондай-ақ біртұтас халықаралық валюта құруға алғышарт болатын біртұтас өңірлік валюта құруға қатысты ұсынысты да қолдаймыз. Бұл ретте ең алдымен әділетті әлемдік қаржы жүйесін, жаңа халықаралық және экономикалық негізді қалыптастыру қажет. Сонда ғана ортақ әлемдік валюта әділетті жүйеде дұрыс әрекет ететін болады», — деді Иран президенті Махмұд Ахмадинежад.
XS
SM
MD
LG